Таяуда ғана «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіретіні туралы ресми түрде хабарлаған Баян, бүгінде актерлық құрамды да ойластырып жатыр. Продюсердің сөзінше, әйгілі картинада өз қызы Айсәуле Бақытбектің де бой көрсетуі мүмкін екен.
Баянның тұңғышы үшін түсірілім алаңы таңсық емес. Айсәуле анасының жобаларында талай мәрте бой көрсеткен. Ал 22 жастағы ару «Махаббат бекетінің» екінші бөліміне түсуге ниет білдірсе, қатаң талаптардан сүрінбей өткен үміткерді продюсердің қабылдауға қарсылығы жоқ.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Менің ойымша Айсәулені кастингке шақырып, «Махаббат бекеті-2» фильміне түсуге мүмкіндік беруге болады. Неге бағын сынап көрмеске?! Бірақ, бұл картинаға менің қызым түссе, тамыр-таныстыққа жол бергендей ой туады. Сондықтан, кәсіби актрисаның ойнағаны дұрыс сияқты.
Сондай-ақ, Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалинаның да ұлы мектебіндегі белсенді балалардың бірі екен. Актерлер отбасында дүниеге келген Сұлтан, кейін ата-анасының жолын қуса, таң қалмаңыз!
Азамат Сатыбалды, актер, продюсер:
- Сұлтан он үшке келді. Бірақ, болмысынан ешқандай бір актерлық шеберлік байқаған жоқпын. Ұяңдау, ұялшақ. Бірақ, өткенде мектебінде КВН ойнап жүр екен. Сахнаға шыққанын көріп қалдым. Былай сахнаға тән сияқты. Бойы бар, түрі бар. Ал кәсіп таңдау өзіне байланысты.
Бүгінде Сейфуллиннің де ізбасары өнерге құштар! Әкесінің айтуынша, гитараны серік еткен Бейбарыстың, болашақта музыка саласында қызмет еткісі келеді екен.
Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор:
- Өсіп қалды ғой қазір 14-15 жасқа келіп қалды. Мен айтамын Бейбарысқа «Әлі де қинаймаймын. Егер ұнамасы қоя сал», - деймін. «Жоқ, маған өте ұнайды. Өзім оқимын. Өзім қызығамын», - дейді. Ол қай профессияда, қай кәсіпте жұмыс жасасын, орынын тапқан бала – бақытты бала!