«Блэк дайл» тобының адал жанкүйлерлеріне шұғыл ақпарат! Кью-поп бағытындағы бойзбенд құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Осыдан бір жыл бұрын ғана іргетасы қаланған ұжымнан кім кетті? Жобадағы жұмысын тоқтатқан өнерпазды, қандай қатаң жаза күтіп тұр?!
Бұрын құрамы бес жігіттен тұратын «Блэк дайл» тобындағы, дәл осы екі рэпер бойзбендтегі жұмысын тоқтатты. «Тэдди» мен «Эл» есімді лақап атпен белгілі өнерпаздардың, ұжымнан кетуі осыдан 2-3 күн бұрын ғана шешілген.
Есболат Беделхан, продюсер:
- Балаларды алып қалып, балаларымен жұмысты жалғастырып, топты аман алып қалуға соңына дейін үміттендік. Бірақ, өкінішке орай соңғы шешімнің себебі де бар...
Себебі біреу ғана! Олар продюсердің талабын орындамаған және топтың ішкі тәртібіне бағынбаған.
Есболат Беделхан, продюсер:
- «Жұлдыз ауруымен» ауырған кісі сезбейді өзін. Және де мойындамайды. Сыртынан көрініп тұрады. Бірақ жұмыстың аты жұмыс. Егер лайықты болмаса жұмысқа адам кету керек. Және де біздің жобамыз жалғасу керек. Тек қана мықты болуы керек.
Бүгінде «Блэк дайлда» үш вокалист жұмыс жасап жатыр. Ал, ұжымдағы тосын өзгеріс жігіттердің жігерін жанши қоймаған.
«Black Dial» тобы:
- Біз продюсерлеріміз қабылдаған шешімді біз қолдаймыз. Біздің нақты мақсатымыз алға қарай ұмтылу. Осы істі басынан алғаннан кейін, аяғына дейін жеткізу.
Бірақ, «Блэк дайлдың» құрамы үш жігітпен шектелмек емес. Топ продюсері жуырда ауқымды іріктеу өткізіп, бойзбенд жаңа өнерпаздармен толықпақ.
Есболат Беделхан, продюсер:
- Төртеу болуы мүмкін, бесеу болуы мүмкін. Одан да көп болуы мүмкін. Жаңағы кастингтің нәтижесіне байланысты. Ән айту сапасы және бишілік сапасы жоғары болуы керек. Біздің талаптар бойынша барлық қасиеттер керек бізге.