Жеке өміріндегі күйзелістердің бәрін еңсерген Селена Гоместің, енді жағасы жайлауда. Әнші, шығармашылығына уақытша үзіліс жариялаған соң, шет елдерге саяхаттауға көшкен. Ол қазір Джастин серімен қол ұстасып, Ямайка аралында демалып жүр.
Бибердің әкесі Джеремидің жабық кешіндегі суреттерге қарасақ, Селена мен Джастин қайта қосылған секілді. Көңілді отырыстан кейін екеуі жергілікті мейрамхананың бірінде, бөтен көздерден таса жерде әңгімелерін жалғастырған. Артынша, олардың Кариб аралдарында серуендеп жүрген суреті желіде тарап кеткен болатын.
Жұлдыздардың балалары танымал болудан қашқақтайды! Бұл сөзімізге әйгілі тележүргізуші Иван Урганттың қызы дәлел. Бүгінде Лондонда білім алып жатқан Эрика телеарналарға сұқбат беріп, өзін жария еткенді ұнатпайды екен. Тіпті, инстаграмдағы парақшасын да бұғаттап қойған. Сондықтан, жас сұлудың өмірі оқырмандарға жұмбақ күйінде қалып отыр.
Джениффер Лоуренс 24 жыл бұрынғы Элизабет Херлидің образын қайталады. Атақты, Версачи ұсынған көйлекті Элизабет 1994 жылы «"Четыре свадьбы и одни похороны» фильмінің тұсаукесеріне киіп келген болатын. Әйгілі актрисаның сол кездегі ғашығы Хью Грантпен бірге түскен суреттері, әлі күнге дейін сән журналдарының алғашқы беттеріне жарияланып тұрады. Тағы бір қызық жәйт, танымал сәнгер Херлидің киінуге қаржысы жетпейтін білгенде, бұл көйлекті сыйға тартқан екен.