Бразилияның төртінші лигасы командалары арасындағы ойында дау шықты. Жергілікті "Операрио" клубымен өткен матчта "Комерсиал" ұжымы, қосымша уақытта доп соғып, жеңісті жеткен еді. Сүйікті командасының голы үшін қуанған алаңдағы топ әперуші баланы, ашулы "Операрио" футболшысы бас-көз демей таяққа жыққан.
«Таз өшін тырнадан алады!» деген осы шығар. Жеңілісіне шыдамаған Джефферсон Рейс, бозбала боллбойдың мұрнын сындырып, басын жарақаттаған. Бұл оқиға кейін қос команда арасындағы төбелеске ұласып, жасыл алаңға полиция шығуға мәжбүр болған. Айыпты футболшы қатаң жазаланбақ!