«Голодные игры» трилогиясының режиссерінен тағы бір тың туынды! Лондонда «Красный воробей» детективті фильмінің тұсауы кесілді. Салтанатты шараға кинокартинада төбе көрсеткен актерлердің барлығы түгелдей қатысып қайтты.
Әйгілі режиссер бұл жолы да, негізгі рөлге өзімен бірге жұмыс істеп үйреніп қалған, «Оскар» иегері Дженифер Лоуренсті таңдаған болатын. Сюжет желісі бойынша, актриса «Доминика Егорова» есімді орыс тыңшысының образын сомдайды.
Френсис Лоуренс, режиссер:
- Біз Дженифермен сценаридің барлығын алдын-ала талқылап алдық. Тіпті, лентаның әрбір сәтін, кейіпкердің әрбір эмоциясына дейін. Мен дәл осылай оған барынша көбірек ақпарат беруге тырыстым.
«Красный воробей» Дженифер Лоуренс үшін, еңбек еткен ең соңғы туындысы болмақ. Себебі өнерпаз, бұдан былай шығармашылығына үзіліс жариялап, әлеуметтік салада белсенділдігін арттырмақ ниетте екен.