Актер Әнуар Нұрпейісов болса, соңғы уақытта премьераларға қарағанда студенттермен кездесулерде жиі төбе көрсетуде. Кезінде кітап оқымағаны үшін, сұлулық байқауына қатысқан қыздарды сынның астына алған оның өзі де, оқулыққа о баста жақын болмаған көрінеді.
Шығармашылығын ысырып қойып, қоғамдағы белсенділігімен көзге түскен Әнуар Нұрпейісов, унивеситеттегі жастармен жүздескен еді. Соңғы кездері студенттермен кездесуін жиілеткен актер, әңгімесін төтесінен бірақ бастады.
Жастарды бірлікке шақырған Нұрпейісов мырза, болашақта әйелі өзге ұлт өкілінен болса да бөліп-жармайтынын айтып қалды. Сайлау науқанында жүргендей жалындата сөйлеген актер үшін, бүгінгі кездесудің орны бөлек.
Әнуар Нұрпейісов:
- Әрине, мен үшін бұл өте қуанышты сәттердің бірі, өйткені мен осы университте өзім оқыдым және оларға осы дәріс, кездесу шабыт береді деп үміттенемін.
Өзі білім алған қара шаңыраққа бас сұққан өнерпаз, сезімге де ерік берді. Қанша дегенімен, актер жетістігінің алғашқы қадамы - дәл осы университет қабырғасынан басталған.
Әнуар Нұрпейісов:
- Көптеген оқиғаларды мен еске алдым. Әсіресе сессия кездері және студенттік өмір барысында қаншама шараларды ұйымдастырғанымыз. Әрине, осындай сәттер әрқашан менің жүрегімде.
Емтихан демекші, сұлуларға кітап оқытқыза алмай жүрген серінің өзі, кезінде сабақ дегенге аса құмар болмаған екен. Сол үшін қатарластарынан бір курсқа қалып қойған да көрінеді.
Әнуар Нұрпейісов:
- Әрине, ондай қиын сәттер болды. Мысалы, химиядан әрқашан бір шешілмейтін бір экзамендер жиі болды. Бұл бизнес коммуникация деген сабақтан ретейка алып, мен тағы бір жылға университет қабырғасында қалдым.