Лондондаағы сән апталығы Елизавета патшайымға ұнады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-ші, сән салтанатында төбе көрсетті. Лондон фэшн уикке қатысуына қарағанда, ханымның да тың трендтерден хабардар болғысы келетін сыңайлы.  Мүмкін, ақсүйектер әулетін өзі киіндірер.

Елизавета II-шінің фэшн апталыққа қатысуы көпшілік үшін күтпеген жағдай. Себебі, Ұлыбритания патшайымының тақта отырған 66-жыл ішінде, сән көрсетілімінде төбе көрсетуі алғаш рет. Айтулы шараның бас мейманына айналған ақсүйек ханымға, әсемдік салтананы майдай жаққандай.

Ричард Куинн топтамасының көрсетілімін бастан-аяқ тамашалап шыққан соң, патшайым «британдық сәнге қосқан үлесі» үшін деп дизайнерге арнайы марапатты табыстады.  

Ал, лондондық сәнгер Хуишань Чжан ақсүйектер әулетінен ешкімді шақырмаса да, өз көрсетілімін «патшалық стильде» өткізіпті. Көз сүріндірер әсем локацияны таңдаған ол, топтамасында қара түске басымдық танытқан.

Хуишань Чжан, сәнгер:

- Шабыт сыйлаған қытайлық режиссер Вонг Карвай еңбектері. Оның кинематогарфиядағы өзгелерге ұқсамайтын көзқарасы топтамамның жарыққа шығуына себепкер болды.

Ал, дизайнер Элис Темперли шалқар шабытты кинокартиналардан емес, өзгеден іздейді. Сәнгер, өз топтамасында әскери авиация тақырыбын түстердегі нәзіктікпен үйлесімді ұштастыра білген.

Элис Темперли, сәнгер:

- Әуе, парашют, бұлттар, ұшақ. Осының барлығын өзімнің киімдерімде көрсеткім келді. Меніңше, британдық сәннің өзіндік ерекшелігі болуы керек.