«Ринголық» Батыр болашақ жарын қала елестетеді? 

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ринголық» Батырдың жеке өмірінде жағымды жаңалық! Әнші жігіт отағасы атанбақ па? Алуа Қонарованың тағы бір мәрте құдағи атануы қыр астында. Өйткені, «Ринголық Батырдың бір басы екеу болады» - деген болжам, ақиқатқа айналған сияқты. Ал, жеке өміріндегі жағымды жаңалықтың барын әнші жігіттің өзі бірінші болып бізге хабарлады.

Батыр – бүгінде музыкалық продюсер, композитор әрі ән сөздерінің авторы. Жеке шығармашылықпен де белсенді айналысып жүр. Бірақ, Байназаровтың мұндай қадамы, топтағы жұмысын тоқтатты деген сөз емес. 

Батыр Байназаров, «Rin'Go» тобының әншісі:

- «Рингоның» концерттерінен көбірек көреміз табысты. Мен өзімнің жеке шығармашылығымнан, ешқандай табыс көріп жатқан жоқпын. Мен өзімді коммерциялық жоба деп санамаймын. Өйткені, менің жазып жатқан әндерім мені жиі тойға апаратын, немесе жиі концерттерге апаратын әндер емес.

Батырдың өз шығармашылығына көңілі тоқ. Тек 32-ден асқан ол, бойдақтық өмірмен қош айтысуға асығар емес. Бүгінде Байназаровтар әулетінде «келін» тақырыбы жиі талқыға түсетін көрінеді. Ал, ата-анасы жеке өміріне қатысты сауал жолдаса, әнші жігіт мардымды жауап беруден қашқақтайды.

Батыр Байназаров, «Rin'Go» тобының әншісі:

- Болмайды сұрай беруге. Өйткені мен кейде ашуланамын. Енді ашуланғанда, мәселе онда емес. Анам оған түсінушілікпен қарайды. Түсінеді. Әрине мен өзімнің жарымды тапқан кезде өзім әкеліп таныстырамын.

Ринголық сері, болашақ жарына қояр талаптарды жақсы біледі. 

Батыр Байназаров, «Rin'Go» тобының әншісі:

- Адамгершілігі мол болуы керек. Менің ата-анамды сыйлай білетін ақылды қыз болуы керек деп ойлаймын.

Дегенмен, Батыр өз қалауындағы қалыңдығын жолықтырып үлгерген сияқты. Ол сезімін селт еткізген сұлу жайлы жақ ашпаса да, жуырда сүйінші жаңалықтың боларын жұмбақтап жеткізді. 

Батыр Байназаров, «Rin'Go» тобының әншісі:

- Жақын уақытта білесіздер енді. Қазір айта алмаймын.