Әли Оқапов мен Арманай бірге ме? Оларды не байланыстырады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәурен мен Ақбота жайлы сан-алуан әңгіменің бәрін жиып-терсеңіз, үлкен бір кітапқа татып қалары анық. Қазақ шоу-бизнесінің тыныс-тіршілігін қалт жібермей күзетіп отырған қырағы жұрт, енді Әли мен Арманайды жұптастырып жүр. Әншілер бұған өз жауабын айтты.

 Жұрт көзіне жиі бірге түсетін Әли Оқапов мен Арманайды, бүгінде жанкүйерлері жұптастырып та үлгерген. Қос әншінің арасынан жылт еткен махаббат отын іздеп жүргендерге, олардың өз айтары да бар.   Тұщымды жауапты Арманайдың өз  аузынан есітейік!

Жиын, той, мерекелік іс-шаралар. Барлық ортада Арманай мен Әлидің жұбы жазылмайды. Осыған қарап жұрт та екеуін көңіл жарастырды деп жориды. «Әли жайлы сұрап әлектейтіндер» көп дейді Арманай. Дегенмен, әнші сан сауалдың астына алатындарға, соңғы жауабын берді.

Арманай Мұхамедиярова, әнші:

- Әли Оқапов менің ең жақын досым. Біз өнер академиясынан бері доспыз. Академиядан бері араласып. Мен ағамдай көрем Әлиді.

 «Әли тек досым» деген Арманай, өзінің сүйген жаны бар екенін жеткізді. Бұйыртса, тойдың ауылы да алыс емес көрінеді. Таспаланып жатқан жаңа бейнебаянының сюжетінде, әншінің болашақ жарымен қалай танысқаны, оның тұрмысқа шығу жайлы ұсыныс жасағаны толық суреттелмек және осы жылдың күз мезгілінде клиптың жалғасы түсірілмек ниетте екен. Қос бөлімнен тұратын бейне баян жайлы идеяны «Төреғали мен Мөлдірден көшірдің» деп сөгетіндер де бар екен.

Арманай Мұхамедиярова, әнші:

- Барынша біздің басымыздан қалай өтіп жатыр, солай таспалауға тырысып жатырмыз. Төреғали мен Мөлдірге дейін де ол болды және де бола бермек. Менің баяндайтын әңгімем мүлде басқаша.

Менің әнім басқалардан өзгеше деген әнші, шаш бояп, стилін өзгертетіндерді де тілге тиек етті. Арманай, өз табиғатына жат дүниеге эксперимент жасауға әлі дайын емеспін деп отыр.