Әншілігін қолға алған Ақбота, жеке өмірін талқылағандарға тоқтау салмақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеке өмірі жыл бойы жұрттың талқысына түскен Ақбота, соңынан ерген қаңқу сөздерден шаршағанын айтады. Бұдан былай, тыңдарманын тек шығармашылығымен қуантуға ниетті Сейітмағамбет, дәл қазір су жаңа әнін жазып жатыр...

 

Студиядағы қызу тірлік, жаңа әндер мен гастрольдік сапарлар! Ақботаның ендігі жұмысы, дәл осындай тығыз кестеден тұрады. Сейітмағамбет соңғы бір жылда, отандық кинонарықта қызмет атқарса, биыл бар уақытын әншілік мансабын шыңдауға арнамақ. Ал, шығармашылыққа білек сыбана кіріскен бикешке, продюсер Жанна Әбуова бар қолдауын көрсетіп жатқан көрінеді.  

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

- Қазіргі таңда Жанна ханым өте көп көмектесіп жатыр. Өзімнің дектерттік өмірімнен кейін, шығармашылыққа бет бұруым ғой. Жүз пайыз бет бұрып жатырмын. Жаңа әндеріме, алдағы түсірілетін бейнебаяндарыма, шығармашылығыма көп көмегін беріп жатыр.

Бүгінде, Сейітмағамбет бірнеше тың туындыларды жазып тастағанын айтады. Репертуарына ырғақты тректерді топтастырған Ақбота, алдағы уақытта той әншілерінің де тізімін толықтырса, таң қалмаңыз! 

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

- Әрине, тойға шығамын. Тойдың әндері болады. Көңілді әндер болады. Мойындаймын, тек қана біз емес, басқа да әншілер тойға шығып, гастрольдік сапарға шығып жұмыс істейді.

Ақботаның өткен өміріне еш өкініші жоқ. Өйткені, өнер иесінің жанына жұбаныш болар ұлы Ибраһим бар. «Ендігі мақсат ел жадында әнші Ақбота-Нұр атымен қалу» - дейді ол. Сондықтан, жеке басын талқыға салып, сынап-мінеуге еті үйренгендерге Сейітмағамбеттің айтар өтініші бар.  

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

- Менен де жаман нәрселер өткен адамдар бар ғой басынан. Менен де басқа басынан қайғылы оқиға өткен қыздар да бар. Неге тек қана менің өмірім оларға қызықты..?! Басқалардың да өмірін алып талқылайық та. Енді, менің өмірімді талқылмайды деген үмітпен сахнаға шығып жатырмын.