Кайли Дженнер ана атанып, бақыттан басы айналып жүргенде, нәрестесінің суретін сатуды сұрайтындар көбейген. Эксклюзивті кадрларға қол жеткізу үшін, жұлдызды жаңалыққа құмар БАҚ беттері «ат басындай алтын» беруге даяр. Ал сылқымның өзі бұл ұсыныстарға не дейді?
Бұған дейін жүктілігін жұрт көзінен тасада ұстауды жөн көрген Кайли, 10 күндік шақалағының суретін инстаграм желісінде жариялаған. Тіпті посттың астына қызының есімі «Сторми» екенін де жазды. Оған қомақты қаржы ұсынып, суретті сатуын сұрағандар да болған екен. Бірақ, ол ақшадан бас тартып, қызына құн жетпейтінін жеткізді.
Виктория Бекхэмның қызы желі қолданушылардың көңілін босатты. Оған себеп, алты жасар Харпердің анасына арнаған жазбасы. Хатта кішкентай сұлу анасын қатты жақсы көретінін жеткізген. Бұған дейін де дизайнер кенжесінің әртүрлі суреттерімен бөлісіп отыратын. Айта кетейік, Харпер - Дэвид Бекхэм мен Виктория Бекхэмның жалғыз қызы. Одан бөлек бүлдіршіннің үш ағасы бар.
«Комеди Вуманның» белді актрисасы Екатерина Варнава, күйеу жігітімен Америкада демалуда. Биші Константин Мякиньковпен үш жылға жуық көңіл жарастырып жүрген Екатерина, той күнінің де алыс емес екенін әр жазбасының астында астарлап жеткізіп те жүр. «Комеди вумандық» әріптестері болса, актриса үшін шын қуанышты. Себебі, оның қиын мінезіне төзетіндер аз дейді.