Хеллен Миррен, Джейсон Кларк бастаған бір топ актер, ең үрейлі картинаның тұсауын кесуге әзірленуде. Санаулы күндерден соң, шынайы оқиға желісімен түсірілген «Винчестер. Дом, который построили призраки» хоррор картинасы, киносүйер қауыммен қауышпақ.
Қорқынышты триллердің премьерасы қарсаңында, киногерлер туындының алдын-ала таныстырылымын өткізді. Еске салсақ, картина әйгілі «Винчестер» қару құралымен тікелей байланысты.
Хелен Миррен, актриса:
- Бас кейіпкердің бастан өткерген оқиғасы расымен де өте әсерлі. Винчестер әулетінің мұрагеріне тұрмысқа шығып, кейіннен сүйіктің мен қызыңнан айырылу, тылсым күштерге тап болу... Оңай емес.
Сюжет желісі бойынша, әйгілі қаруды ойлап табушы ретінде талай адамның өліміне себепші болған Винчестер әулеті, енді елестердің құрбанына айналады. Кейіннен, тылсым күштен құтылу мақсатында компания мұрагері Сара, көріпкелдің кеңесімен 160 бөлмелі ерекше үй салады.
Тарихи туынды, елес кезген атышулы сол үйде таспаланғандықтан, актерлер қауымы түсірлім барысында түрлі тылсым сезімді бастан кешкендерін айтады.
Джейсон Кларк, актер:
- Үйге кіре сала, бірнеше сұрақ туындады. Неліктен баспалдақтар бейберекет орналасқан? Неліктен есіктің арғы жағында ешнәрсе жоқ дегендей. Бұл тылсым дүниелерге толы жер.
Отандық көрермен, қорқынышты картинаны сәуір айынан бастап тамашалай алмақ!