Жанна Орынбасарова өкпелі! Өнерпаздың көңіліне кірбің түсірген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанна Орынбасарова да отандық өнер жұлдыздары арасында келісті келбеті, мінсіз мүсінімен дараланып жүрген жандардың бірі. Елудің еңсерген әнші, өзінің сұлулық құпиясымен бөлісті. Одан бөлек, бикешті бәзбіреулер ренжітіп жүрген көрінеді. Толығырақ тілшіміз баяндасын.

Джаз жанрында әуелете ән салып жүрген Жанна Орынбасарова, көзтартар көркімен көпшіліктің талқысына жиі түсетін жандардың бірі. Елуді еңсерген өнерпаз әйел, әрдайым әсем көрінудің өзіндік сырымен бөлісті. Әншінің сөзінше, сұлу болудың құпиясы қарапайым..

Жанна Орынбасарова, әнші:

-Әйел адамның ішкі дүниесінің қалай өзін сезінетінін, жан-жақа адамдарға қарап, өзің жылы лебізбен қарасаң, өзіңді өзің күтіп жүрсең, әр адам өзін-өзі күтіп жүрсе, мен сияқты әдемі болып жүре береді деп ойлаймын.

Одан бөлек, әнші уақытысында демалып тұрудың маңызды екенін алға тартады. Жұмыс ешқайда қашпайды деген ол, жыл сайын шетел асып, күнделікті күйбең тіршіліктен тынығуға тырысады.

Жанна Орынбасарова, әнші:

- Демалу деген дұрыс негізі. Өйткені адам, жұмыс жасау үшін жаралған жоқ. Адам өзін-өзі бақытты сезінуге келді деп ойлаймын. Жұмыс әрине керек, бірақ ол шабытпен бірге келу керек.

Айналасына мейлінше зиянын тигізбеуге тырысса да, әншінің өмірінде ауыр сөздерімен көңіліне кірбің келтіретін жандар да жүздеседі екен. Жанна Орынбасарованың оларға айтары бір:

Жанна Орынбасарова, әнші:

-Ешбір адам маған бірдеңе деп сөйлеп жазуға құқысы жоқ. Әр адамның осы өмірде тапқан жолы бар ма, сол жолмен жүру керек. Менің сахнаға шыққаным, демалғаным ол өзімнің жеткен жетістігім. Ол өзімнің жолым. Әркім өзінің жолымен жүрсінші...