Лос-Анджелесте анимация саласының кіл мықтыларын анықтайтын, әйгілі «Annie Awards» марапаты өз жеңімпаздарын анықтады. Бұл жылы көпшіліктің таңдауы «Коконың құпиясы» туындысына түскен көрінеді.
«Annie Awards» салтанаты 1972 жылдан бастап Лос-Анджелесте дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қырық жылдық тарихы бар марапттың басты мақсаты – анимация саласының кіл мықтыларын анықтау.
Биылғы жылы, «Annie Awards» жүлдесінің шешімімен «Ең үздік анимациялық туынды» ретінде «Тайна Коко» картинасы танылды. Еске салар болсақ, аталмыш мультфильм «Оскар» жүлдесінен де үмітті.
Дарла К. Андерсон, продюсер:
- «Кокомен» бірге тұтастай бір елдің дәстүрін көрсетуге тырыстық. Мексиканың тереңде жатқан тарихын, мәдениетін, барынша шынайы бейнелегеміз келді.
Одан бөлек, Мексикалық балақайдың бастан кешірген тартымды оқиғасы, «үздік режиссура» және «үздік сценарий» сынды 9 бірдей жүлдені еншілеп қайтты. Жеңімпазбен бірге, арнайы жүлдеге «Босс-молокосос», «Тачки 3», «Гадкий Я 3» сияқты анимациялық ленталар да таласқа түскен еді.
Қазылардың шешімімен, Анджелина Джоли продюсерлік қызмет атқарған
«Добытчица» мультфильмі «ең үздік тәуелсіз анимация» аталымы бойынша мықты деп танылды.
Нора Туми, режиссер:
- Біз «Энниді» жеңіп алдық! Өте қуаншытымын! Бұл картинада жұмыс істеген адамдардың көбісі бір-бірін мүлде көрмеген. Себебі, командамыз әлемнің әр түкіпірінде болды. Ұжымыма алғысымды білдіремін. Соның ішінде, Анджелина Джолиге.
Еңбегі еленген Анджелина Джоли, шараға бүлдіршін қыздарын ерте келген болатын. Шайло мен Захараны жетектеген ару, салтанатты кеште көркімен көпшіліктің көзін сүйсіндірді.