Санаулы күндерден соң АҚШ-та ұлттық футбол лигасының ойындары өтпек. Кезінде дәл осы шарада Джанет Джексонмен өнер көрсетіп, үлкен дауға іліккен Джастин Тимберлейкті, ұйымдастырушылар сахнаға қайта шығармақ. Әнші мұндай ұсынысты мүлде күтпеген сыңайлы.
АҚШ-тың Миннеаполис қаласы Супербоул жарысының дайындығына қызу кірісіп кеткен. Бұл жолы, қалың көпшіліктің басты назары футбол лигасы ойындарының алаңына қайта оралған Джастин Тимберлейкте болмақ.
Дәл осыдан 14 жыл бұрын, Супербоул сахнасында Тимберлейк мырзаның Джанет Джексонды киімсіз қалдырғаны бәрінің есінде. Келеңсіз оқиға екі өнерпаздың шығармашылығына да көлеңкесін түсірмей қоймаған еді. Енді, араға уақыт салып, Джастин ұйымдастырушылардан қайта шықырту алған.
Джастин Тимберлейк, әнші:
-Ұсыныс білдіргенде қандай сезімде болғанымды айтайын ба? Маған қоңырау шалып, жартылай финалда шоу ұйымдастыруымды сұрады. Мен ойланбастан «иә» дедім.
Өнер иесі өткен қателікті қайталамас үшін, бұл жолы салтанатты шараға аса үлкен жауапкершілікпен дайындалуда.
Джастин Тимберлейк, әнші:
-Қолымда үлкен тізім болды. Оның ішінде, Джей Зи, Крис Стэплтоннан бастап, Джанет Джексонға дейін бар. Алайда, сахнаның көркін қыздыру үшін Tennessee Kids тобын шақыруды жөн санадым.