Бүгінде Қайрат Нұртас пен жұбайы кіші баласының көңілін таба алмай жүрсе керек. Жұлдызды жұп бір айлық әнсапарға аттанарда, ұлына ескертпей кеткен. Ал, балақайды бағып қалған ата-әжесі, тығырықтан қалай шықты?!
«Арман» картинасының тұсауы кесілген күні, Жұлдыз да ел алдына алғаш шыққан еді. Аталмыш картинадағы рөлін сәтті сомдаған Әбдікәрімованың, танымалдылығы бірден артты. Ол Қайраттың концертінде жүргізушілікті тізгіндеп, тіпті әнді де шырқады. Алайда, 10 жыл бойы бала күтімімен үйде отырған келіншектің, шығармашылыққа қызу кірісуі кіші ұлына оңай соқпапты.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
«Мен жаман болған соң сен кетіп қалдың ба» - деген, сияқты әңгіме айтады. Ол енді бөпе ғой кішкентай. Кішкентайы сағынды, қалғандары түсінеді. Мамалары шыққан кезде қуанып, инстаграмнан қарап, қыздар енді есін біліп қалды ғой.
Алау, Сезім, Нарұл және Хан! Қазіргі таңда Қайраттың қос қызы мен екі атұстары бар! Жұлдызды жұп әнсапарға аттанарда, төрт перзентін ата-әжесіне тапсырады.
Нұртас Айдарбеков, Қ. Нұртастың әкесі:
- Бөлек тұрады деген аты болмаса, олар көбінесе менің үйімде. Ата деп менің қасымнан шықпайды. Мүмкіндігінше, үйде болған кезде өзіммен бірге алып жүруге тырысамын.
Бұл Қайраттың тығыз кестесінен уақыт тауып, мектептен ұлын күтіп алған сәті. Бүгінде жұлдызды жұптың тұңғышы 4 сыныпта оқыса, кішісі балабақшаға барады.
Нұртас Айдарбеков, Қ. Нұртастың әкесі:
-Қайрат балажандау. Анасы да жақсы көреді. Бірақ, дегенменен тәрбие жағының көбісін қыздарға анасы береді ғой деп ойлаймын.