Танымал саясаттанушы Досым Сатпаев анимация емес, салмақты дүниелерді таспалауға шақырады. Алматыда оның қолдауымен түсірілген, «Стамбұлдан келген қазақ» қысқаметражды картинасының тұсауы кесілді.
Туындыда сондай-ақ Ifly тобының солисті Ксения Сухомазованы байқауға болады. Авторлар, аталмыш фильм арқылы шетелге ауып кеткен қазақтардың тұрмыс-тіршілігін көрсетуді мақсат тұтқан.
Досым Сатпаeв, саясаттанушы:
- Деректі фильмдер өте қысқа болады. Соған қарамастан, адамның санасын өзгертетін қасиеті бар. Сондықтан, болашақта режиссер ретінде документалистикаға кіріспекпін.