«Шабыт болмаса, шығармашылық шыңдалмайды», - дейді экс-продюсерімен арадағы жұмысты тоқтатқан «Кристалз» тобы. Бірақ, кью-поп бағытындағы тұңғыш қыздар ұжымы, бүгінде жаңа жетекшілерін жолықтырып үлгерген. Ал, бұрымдылардың бұрынғы басшымен қоштасуына не себеп болды?!
«Crystalz» тобы:
-Біз музыка, жанр жағынан кью-попқа жақын өлең шығарғымыз келді. Стилімізді басқаша қылғымыз келді. Бірақ, өкінішке орай алдыңғы продюсерлеріміз бізді түсіне алған жоқ. Қазақша «изюминка» болған жоқ.
«Иә, өзара түсінісе алмаған соң, берекеміз кетті», - дейді «Кристалздық» арулар. Бастапқыда бестік болып сахнаға шыққан гелзбендтің, құрамы бүгінде қысқарған. Қыздар ұжымында қазір қос вокалист пен екі рэпер өнер көрсетіп жүр.
«Crystalz» тобы:
-Бесінші қыз «Лулу» сабағына байланысты және де уақыттың жетіспеулігіне байланысты, ол осы жолды тастаймын деп шешті.
Ұжымдағы мұндай өзгеріс, аздап топтың тоқырауына әкеліп соқтырды дейді қыздар. Ал, фанаттары, өтпелі қиындықтан соң Кристалз» шығармашылығы саябырсып қалғанын аңғарған.
«Crystalz» тобы:
-Болды, тоқтатайық деген ойларда болды шынымызды айтсақ. Бірақ, біз арманымызға сенеміз. Және де алға мақсат қойған адамдармыз. Ол мақсатқа жетпей ешқайда кеткіміз келмейді.
Қазіргі уақытта қыздар «МэдМэн» тобымен бір продюсерлік орталықта жұмыс жасауда. Әнқоржындарында бір бейнебаян мен төрт трек бар. Құрамы жаңғырған гелзбенд, жақында екінші клиптің тұсауын кесіп, алғашқы фан-митинг өткізуді жоспарлап отыр.