Жалаңаш суреттерін желіге жиі жүктейтін кіші Жолдыбаева, енді «Джейран» тобындағы жұмысына нүкте қойса, таң қалмаңыз! Себебі жұрттың сынынан көз ашпайтын Алтынайдың, жеке өмірінде жағымды жаңалық бар сияқты. Иә, атышулы әнші «ақ келін» атануы бек мүмкін.
Төрт қыздан тұратын «Джейран» тобы, өткен жылдың соңында триоға айналған еді. Бүгінде, ұжымдағы бұл өзгерісті әркім өзінше пайымдап жүр. Мәселен, квартеттің үштікке қысқаруын, арулар арасында ауызбіршіліктің жоқтығынан деп болжайтындар бар.
«JayRun» тобы:
- Спор деп айтады ғой... Талқыласқан сәттер болды. Бірақ, бір-бірімізге ренжіген сәттер болмапты. Талқыласу деген ол творчестволық процесс қой. Сондықтан да, менде оны жақсы түсінемін. Фариза, Медина да жақсы түсінеміз...
Сылқымдардың сөзінше, сыйластықтарына сызат түспеген. Гелзбендтің экс-мүшесі Кармела тұрмысқа шығып, отбасылық өмірді таңдапты. Әнші қыздың орнын басар бойжеткен табылса, топ қатарға қосуға тас-түйін дайын.
«JayRun» тобы:
-Егер де біздің топқа келетін қыз болса, талантты әдемі, би жағынан билей алатын, сондай жауапкершілігі мол, табиғи сұлулығы бар әдемі қыздар келіп жатса неге алмасқа..?!
Жуырда «Джейрандықтар» жаңа келісімшартқа қол қоймақ. Құжат күшіне енсе, қыздардың қалыңдық атануға құқы жоқ екен. Алайда, Алтынай Жолдыбаева жүрегінің иесін жолықтырса, құрбыларымен қоштасуға әзір екендігін айтты.
«JayRun» тобы:
-Келісім шарт бойынша барлығын сақтауға тырысамыз. Бірақ, егер де сол бір шын махаббатымызды кездестіріп, басымыз айналып, маған тұрмысқа шық деп, жарайды кеттік деп жатсақ, олда бір бақыт!