Стелла Маккартни ұйымдастырған сән шарасы!

Сообщить о проблеме с эфиром

 «Битлздық» серілер фэшн патиде уақыттарын көңілді өткізуде. Әйгілі топтың мүшесі Пол Маккартни, қызы Стелла ұйымдастырған сән шарасына қатысуды жөн көріпті. Одан өзге, қадірлі меймандар арасында Кэти Пери, Кейт Хадсон мен Робби Уильямс тe бар...

Киімдерінің көрсетілімін әсерлі етіп өткізуді әдетке айналдырған Стелла Маккартни, тағы бір айтулы кештің ұйытқысы болды. Әйгілі модельер, “Stella-chella” атауымен 2018 жылдың күздік топтамасын көпшілік назарына ұсынған.

Стелла Маккартни, модельер:

-Бұл Стелла киімдерінің мерекесі! Бүгінгі шара, заманауи сәнге жасалған жаңа қадам. Топтаманы тамашалап қана қоймай, барынша көңіл көтеруді көздеп отырмыз.

Голди Хоун, Кейт Хадсон, Кристина Агилера бастаған бір топ жұлдыз ерекше шараға дән риза. Бұған дәлел, олардың әлеуметтік желіде бір-бірмен жарыса жариялаған жазбалары.

Көңілді кеште, әрдайым жарқын образдарымен таңырқатып жүретін Кэти Пэрри, модельер құрбысы жайлы жылы лебізін жасырмады...

Кэти Перри,  әнші:

-Стелла өте ашық жарқын мінезді жан. Сондықтан, көпшілік онымен достасқысы келеді. Көріп отырғандарыңыздай, келушілердің қарасы көп. Олардың барлығы Стелланы жақсы көреді.

Кэти Перримен салыстырғанда «Битлздық» Пол Маккартни туған қызы туралы, әзіл-қалжыңы аралас көңілді жауап берді.

 Пол Маккартни,  музыкант:

-Стелланы мүлде танымаймын, кім ол? Бүгін ән де айтпаймыз...

Алайда, фэшн шара «Битлздың» әсем әндерінің сүйемелдеуімен өз мәресіне жеткен болатын..