Естеріңізде ме, бұрындары баласы әнші боламын десе, ата-анасы ат тонын ала қашатын еді. Өйткені, ол кездегі музыкалық кәсіп мамандық ретінде бағаланбайтын. Бүгінде бұл үрдіске көзқарас басқаша! Мәселен, «Мунлайт» тобында ән салатын ағайынды жігіттердің әке-шешесі, екі ұлын да өнерге қатар берген.
Азамат пен Еркеханның арасы бір жас! Музыканттар жанұясында дүниеге келген жігіттер, өнер колледжін де қатар тәмәмдаған. Бүгінде бір-біріне демеу болған бауырлар, «Мунлайт» бойзбендінде ән салып жүр.
Жалпы, ағайынды жігіттердің бір топта өнер көрсетуі отандық шоу-бизнеске таңсық емес. Мәселен «Ордалық» Ерболат, Есболат және Жанболат Беделхандар бір анадан туса, аталмыш топтағы Дастан мен Рүстем Оразбековтер де бір үйдің балалары.
Дастан Оразбеков, «Орда» тобының әншісі:
-Бауыр деген дүние ол бір-бірін демеу үшін жасайды. Ол мен жанбасам да, сен жаншы деп жұмыс жасайды. Енді, менің тәжірибемде «Орда» ондай әңгіменің біз талайынан өткенбіз.
Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі:
-Плюсі өте көп! Бір-біріңді ұзақ зерттеп жатпайсың. Жарты сөзден түсінесің не керек екенін. Сахнада да, бірге жұмыс істеу барысында да әр түрлі жағынан өте үлкен пайдасы бар.
Бір жанұяда дүниеге келген Рүстем, Мирас, Мұхамедәлі Жүгінісовтер де бұған қосылады. Ағаларының айтуынша, жұмыс барысында кіші інілері аздап еркелейді екен.
«Ағайынды Жүгінісовтер» тобы:
- Енді, өзі мойындап тұр. Мойындаудың өзі өнер дейді ғой. Мына ініміз иә еркелейді. Мына ойы да бәрі де қазір дұрысталып келе жатыр. Бұрынғыдай еркелігі, жалқауылығы деген жоқ. Қазір біз айтып қоямыз Мұхамедәли үлкен жігіт болып келе жатырсың, сен өзіңнің ісіңмен дәлелдеу керексің деп айтып отырамыз.