Халық алдында жүрген соң, өнер иелерінен көмек сұрайтын жандар жетерлік. Тіпті, толассыз түскен мұндай өтініштер, әнші Айқынның мазасын әбден алған. Ал, өзге жұлдыздар өмірде жеке бұйымтайын айтатындарға қатысты не дейді?
Маған көмектесіңізші! Дәл осы сөздер өнер иелерінің өміріне танымалдығымен қатар келгендей... Сондықтан болар, бейтаныс біреулердің жеке өтініштеріне жұлдыздардың еті әбден үйренген..
Дильен, «Mysterions» тобының мүшесі:
-Көшеде немесе, интернетте немесе телефонға звандап өтініш білдіреді, көмектесе аласыз ба деп. Қолымыздан келгенше көмектесеміз әрине. Көбінесе қазір ақшалай көмек сұрап жатыр...
«Мистерионстық» сері, алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Емге ақша керек деп, көмек сұрағандардан арнайы құжат талап ететіні де содан. «Қазақстан аруы» Айдай Исаtваға да мұндай өтініштер жиі айтылатын көрінеді.
Айдай Исаева, "Қазақстан аруы-2013":
- Дәрігер болып жұмыс істеген кезімде, сол кезде ақша жоқ дейтін. Сол кезде көмектескенім болған. Өмірде сұрап келсе, мен қолымнан келгенше көмектесемін. Танымайтын адамдар болған...
Өнердегі әріптестерімен салыстырғанда, Айқынға білдірген бұйымтайлардың жарасы жеңіл. Алайда, әншіні тыныштығының тым бұзылғаны қынжылтады.
Айқын, әнші:
- Көбіне адамдар келіп суретке түседі. Суретке түскеннен кейін маған көмектесіңізші, менің бір әпкемнің, ағамның, інімнің туған күні еді. Соны видеоқұттықтау жазып жіберіңізші деген. Ватсапқа келіп жатады. Бүгіннің өзінде 3 видео құттықтау жібердім. Шыны керек кішкене мазаны алады.
Елге белгілі болудың өтеуі де осы шығар деседі жұлдыздар!