Киноқұмарлар Селена Гомес басты рөлді сомдайтын «Дождливый день в Нью – Йорке» картинасын да асыға тосып жүр. Тек, сылқымның бұл фильмде бой көрсетуіне анасы наразы! Себебі, комедияға Вуди Ален режиссерлік етеді. Гоместің шешесі өз қызына зорлық көрсетті деп айыпталған адам менің перзентіммен жұмыс істемек деп дабыл қағуда.
Вуди Аленнің өгей қызы «7 жасымда әкем арымды таптады» деп айып таққан-ды. Бұл адам шошырлық жағдайдан соң, голливудтық актрисалардың көпшілігі оның тың жобасында бой көрсетуден де бас тартқаны есімізде. Батылдық танытқан Селена Гомес қана, режиссердің ұсынысын жерге тастамады. Бұл шешімі қызымның абыройына нұқсан келтіре ме деп алаңдайды Мэнди Тэфи. Бірақ, анасы Селенаны райынан қайтара алмапты.
Энрике Иглесиас пен Анна Куриникованы да жұрт бүгінде жиі талқыға салып жүр. Себебі, олар туп-тура бір ай бұрын егіздердің ата-анасы атанған-ды. Бүгін, бақытты жанұя ұлы Николас пен қызы Люсидің суреттерін тұңғыш рет ел назарына ұсынды.