«Шымбұлаққа» кіру құны, Рианнаның бір шұлығымен салыстырғанда әлдеқайда арзан... Оны Барбадостық сылқым 1340 долларға сатып алған көрінеді!!! Көпшілікті, осынша қымбат шұлықты Рири жуып, қайта киеді ма деген сауал көбірек толғандырады.
Бағасы аспандап тұрғанымен, пайдаға аспайтын дүниелер фэшн өндірісте көп-ақ. Мәселен, Calvin Klein-нің кретивті директоры Раф Симонс, өз есімі жазылған қарапайым скотчты 200 долларға сатып алуды ұсынады.
Қалтаңыздан қаражатыңыз тасып бара жатса, дүкеннен азық-түлік таситын қоржынды 820 еуро төлеп-ақ иеленіңіз. Есесіне, Balenciaga-ның пакетін көтеріп жүресіз!
Болмаса, Chanel-дің күміспен қапталып, табиғи былғарымен көмкерілген кәрзеңкесін көтіріп, ең стильді сатып алушы бола аласыз. Ол үшін – 8 мың еуро санап берсеңіз жеткілікті.