«Қағаз кеме» телехикаясы қайда түсірілді? «Ревю» мемберлердің «өнер мектебіне» саяхат жасап қайтты.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уандықтар» «Қағаз кеме» телехикаясының түсірілімі барысында Бішкекте тұрғаны белгілі. «Ревю» айыр қалпақты ағайындар еліне арнайы барып, мемберлер оқыған «өнер мектебіне» саяхат жасап қайтты.  

Мемберлер білім алып, шығармашылығын шыңдап, уақытын тиімді өткізген  білім ошағы расында да бар. Сондықтан да, түсірілім тобына арнайы декорация құрмай-ақ, дайын ғимараттағы локацияларды таңдау мүмкіндігі туған. Орталық Азиядағы бұл Америка Университенің бағыты - «Қағаз кемедегі» өнер мектебінің негізгі қағидаларымен ұқсас.

Эндрю Вахтель, AUCA -ның президенті:

– Негізі осы Орталық Азияның 17 елінен және Қытайлық  жастар білім алады. Бізде студенттердің еркіндігіне басымдық берілген. Олар оқитын пәндерін өздері таңдап, қалған уақытта шығармашылықпен айналысады.

Түсірілім барысында мемберлер Университиеттің ең көрікті жерлерінде, тіпті, жатақханасында да бой көрсеткені белгілі. Олармен сол сәттерде танысқан білім ордасының студенттері де, енді иглз қатарын толықтырып үлгерген.

 Акманджон Ахметжонов,  Тәжікстандық студент:

- «Найнти уан» тобының  видеоларын бұрыннан ютуб арқылы көріп жүруші едім. Қазір  «Қағаз кеме» телехикаясын үзбей қарап жүрмін. Біз де дәл сол сериалдағы кейіпкерлер сияқты, еркін жүріп, шығармашылықпен айналысамыз.

Расында, бұл университет қабырғасы талай табысты түлекті ұшырды. Мәселен, бүгінде Қырғызстанның Америкадағы елшісі, «гугл» компаниясының белді қызметкерлері осы оқу орнын тәмамдаған.