«Гламур для дур» картинасында ғашықтардың образын сомдаған Дәурен мен Ақботаның махаббаты өмірде де жалғасын тапқан еді. Бірақ, қуаныштары ұзаққа созылмады. Бүгінде олар бірге емес. Енді атышулы Айдарқұлов, актриса Әсел Сәдуқасовамен шаңырақ көтеріп үлгеріпті.
Дәурен мен Әселді отбасылық одаққа айналдырған Асқар Бисембин! Режиссердың кезекті картинасында олар ерлі-зайыптылардың рөлін сомдайды.
Асқар Бисембин, режиссер:
-Алғашқыда басты рөлдегі жігітке Кенталды таңдаған едік. Сәл уақыттан кейін, сценарийді қайта жазып Айдарқұловты бекіттік. Өйткені, Дәуреннің бұл орбазды сәтті сомдап шығатынына күмәнім болмады.
Әсел Сәдуақасова, актриса:
-Менің бұл жолғы рөлім бұрынғыдан өзгерек. Өйткені, осы уақыта дейін қалыңдық атануға қамданып жүрген қыздардың образын сомдасам, бұл жолы үй шаруасымен ғана шұғылданатын, тұрмыстағы келіншектің кейпіндемін.
Сондай-ақ, актерлық құрамды Сая Оразғалиева, Айнұр Ілиясова, Жан Байжанбаев және Марат Достаев сынды өнерпаздар толықтырған. Мәселен, мына томпақ жігітке, өзі күтпеген кейіпкер бұйырыпты.
Марат Достаев, актер:
- «Мачо» деп жатады ғой. Қыздардың жүрегін жаулап алушы. Сондайлардың рөлін ойнаймын. Өзім енді сәл... жұрттар айтатын шығар. «Өййй, мынаның қай жері «мачо» деп. Кино да енді сонысымен қызық қой.
«Развод по-казахски!» Фильмнің уақытша атауы, бірден дәм-тұзы жараспаған жанұяны көз алдыңызға елестетеді. Алайда, Асқар кезекті картинасында ақшаға құныққан алаяқтардың түрлі әдіс-тәсілін әзіл арқылы көрсетпек.
Марат Достаев, актер:
-«Развод по-казахски» деген мысалы біреуге ақша береді, ол ақша жетпей қалады. Воот, бізге «развод жасап кетті» дейді. Сол сияқты нәрсе ғой ол...
Комедия келер жылдың көктемінде қалың көпшілікке ұсынылмақ.