Үрейлі картина деп танылған ондықтың көшін, француз режиссері Джулия Дюкорноның студент-каннибал туралы “Сырое” туындысы бастады.
Вегетариан қыздың шытырман оқиғасын суреттейтін хоррор туынды, бұған дейін Канн кинофестивалінен арнайы марапат еншілеген еді.
Үздік үрейлі кинотуындылар тізімінде күміс жүлде Джордан Пилдың «Прочь» картинасына бұйырса, үшінші орынға «Гончие любви» хорроры жайғасқан.
Ондыққа ілінгендер қатарында «Оно приходит ночью», «Очень темные времена» және Даррен Аронофски мен Дженифер Лоуренс басты рөлді сомдаған «Мама!» фильмі де бар.