Сарамен қош айтысқан #KeshYOU тобы, экс-әншімен сырттай сыйласуды қалайды. Қыздар, топта неге тіл табыса алмады?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ұжыммен жұмыс жасаудың қиындығын «Кешьюдің» қыздарынан артық ешкім білмейтін шығар. Бірде төрттік, енді бір қарасаң триоға айналады! Баян басқаратын ұжым жақында Сарамен қоштасқан еді. Өнерде тіл табыса алмаған арулардың, өмірдегі қазіргі қарым-қатынасы қалай?!

 

«Кешью» әуел бастан тыңдарманға трио болып танылған еді. Бүгінде белгілі  гелзбенд, топ репертуарын үш дауыста қайта жазып шыққан.

 

Назым Әбілдина, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Ыңғайсыздық мүлдем жоқ, бірден үйреніп қалдық. Бәрі бірдей. Солай!

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Екі қызбен жұмыс істедім. Үш қызбен, төрт қызбен жұмыс істедім. Сондықтан, маған ол жаңадан келіп жатқан нәрсе емес. Амал жоқ, қанша болса да, бәрін жаттауға, бәріне үлгеруге тырысамыз.

Бірақ, қыздар Сараның топқа сіңісе алмауының себебін сыр қылып сақтауда. Мәселен, Балжан мен Назым экс-әріптесімен жиі жүздеспейтін болса, Элизаттың әнші құрбысымен қарым-қатынасы жақсы. Өйткені, олардың достығы «Лашын» тобынан бастау алған-ды

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Екі күнде, үш күнде бір сөйлесіп тұрамыз телефон арқылы. Ол енді қанша группадан кетіп жатса да, өзіміздің арамызда достығымыз бар. Сондықтан, біз адам ретінде оны сыйлаймыз. Ол бізді сыйлайды. Сондықтан, ара-қатынасымыз бәрі жақсы.

Топтың музыкалық жетекшісі қыздардың ауысуын заңдылық санайды. Бірақ, құрамы жиі жаңаратын арулар ұжымы, бұл жолы жеке өмірдегі жаңалықтарын шетке ысырған секілді. Қыздардың бұл шешіміне Бағым ханым да қуанышты!

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер:

-Шынымды айтсам, мен әрдайым ұрысқақ әрі «Көкбет Баголя тәте» болудан шаршадым. Бір өкініштісі, қыздардың тұрмысқа шығатынын немесе жүкті екенін соңында естиміз. Әзірге, ешкімнің топтан кету туралы жоспары жоқ сияқты. Солай боларына сенемін!