Жігітке жеті өнер де аз! «Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді!» Осылай деп ән шырқап елге танылған Ибрагим Ескендір, кәсіпқой бокстағы дебютті жекпе-жегінде табысқа жетті.
Ибрагим Мәскеуде өткен кәсіпқой бокс кешінде, қарсыласы қырғыз жігіті Шерғазы Шактановты екінші раундта нокаутқа жіберді. Сахнадан кәсіпқой рингке қадам басқан жерлесіміз, бокспен 2001 жылдан бері шұғылданады екен. Өне иесінің барлық тыңдарманы, енді оның спорттағы жанкүйері атанды!