Өткен жылдың жазында Тайландтағы аралдардың бірінде түсірілген комедияның бүгін тизері таныстырылды.Шетелге демалысқа аттанған бір топ студенттің, бастан кешкен шытырман оқиғалары суреттелетін фильмге Ален Ниязбеков режиссерлік еткен. Бұл оның екінші толықметрлі туындысы. Бұған дейін, «Оралман из Питера» картинасын ұсынғанды.
«Каникулы в Тайланде» комедиясында кіл дебютант актерлар бой көрсеті. Бұл Әлішер Кәрімовтың қалыңдығы Диора Романованың да түскен тұңғыш фильмі болмақ. Ал, туынды келер жылдың 14-ші ақпанында үлкен экранға жол тартады.