Қазақ қыздарының қайсарлығы суреттелетін бейнебаян, Ерке Есмаханның «Қайдасының?» жетістігін қайталай алар ма екен? Әзірге, өзге әріптестері сылқымның шаңына да ілесер емес! «YouTube” Қазнетте аз уақытта ең көп қаралған, мол лүпіл жинап, пікір жазылған, сілтемесі жиі жолданған 2017 жылғы музыкалық видеолардың үздік ондығын анықтады.
43 миллион рет қаралған Еркенің клипі көш бастаса, екінші сатыға Ернар Айдардың «Күнім, сен сөнбеші» бейнебаяны жайғасқан.
Жаздың ең үздік хиті «Despacito» үштікті қорытындылайды. Қазақстандықтар ең көп қараған бейнеконтенттің тізімінде, «Маша мен аю» мультфильмі, «Зың – зың» бейнебаяны, Астанада өткен КВН-нің Жазғы Кубогі мен «Келинка тоже человек» фильмі бар.