Дәулет пен Гүлханның әні бәлкім ғашықтырға бағытталған шығар! Баян Мақсатқызы да бақыт құшағында! Продюсер бүгін Тұрсын Алагөзовпен шаңырақ көтеріп, некелерін қидырды. Бикешке бизнесмен өткен жылы Грузияға сапарлары басрысында үйленуге ұсыныс жасағанды.
Әуелі, бойдақтықпен қош айтысып үлгерген серілердің тәтті естеліктерін тыңдай отырайық. Әріптесіміз Нұрсұлтан Есжан ақын қызды қолына қондырмаққа оқталғанда, жүрегім мен сақинамды қалай ұсынсам деп ұзақ толғанғанды. Ақыры өзі жанкүйерлік ететін «Қайрат» футбол командасының ойынында, дәл алаңда сүйіктісіне тосын сый жасады.
Нұрсұлтан Есжан, Бибігүл Тілеболдинова, ғашықтар:
– Білді-ау деймін, себебі ұсыныс білдірген кезде аса қатты әсерін байқаған жоқпын. Мен ойлағанмын негізі жылайтын шығар деп. Өз-өзімді қолда ұстай алатын қыздардың қатарынанмын ғой. Өзімде бұрын көрген кезде, ұсыныс жасаған қыздарды, бұлар өміріндегі ең қуанышты сәтте неге жылап жатыр?
Шоқан да Әнелінің саусағына жүзік саларда аса қобалжығанын еске алады. Сері, ғашығын кинотеатрға шақырып, аяқ асты маңызды қадам жасағанды.
Шоқан Маратұлы, әнші:
–Фильм басталады деп отырған сәтте үлкен экраннан менің бейнем көрсетіліп, жар болуын өтіндім. Расында, ол мұны күтпеген еді. Жылап жіберді.
«Жаңа толқын» байқауында, мыңдаған көрермен алдында сүйіктісіне сөз салған Рүстем Жүгінісов те, дәл інісінің үйлену тойында тосыннан түрен салған Артур Төлеповтің де ұсынысы көптің есінде. Бірақ, мұндай трендті аға буын жаратпай отыр.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
– Тізерлеп ер азаматтың отырғанын қаламаймын. Біреуге тисейін, біреуді түртпектейін деген емес, алдағы уақытта жігіттердің құлағына алтын сырға. Сөйтіп, тізерлеп отыра қалуды мен ер азаматқа тән емес деп ойлаймын өз басым.
Өткен жылы Грузияға саяхаты барысында Баян Мақсатқызы да Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шығуға келісімін бергенді. Енді ғашықтар неке қидырып, өз алдарына отау тікті.