- Әнші болады!
- Жо-жоқ! Өзінің таңдаған саласына бет бұрсын.
Бүгінде Марат Омаровтың отбасында дәл осындай диалог жиі орын алады екен. Жұлдызды жанұя кенже қыздары Бибімәриямның болашақ мамандығын таңдай алмай әлек. Ұзақ уақыт талқыланған тақырып күні кеше өз шешімін тапқан тәрізді.
Алты жасында Голливудты бағындырған Бибімәриямның әр күні тығыз кестеге түзілген. Тіл үйрену, вокал және хореграфия! Алайда, түрлі үйірмелерге баратын бұрымды, болашақ мамандығын таңдауда мың құбылатын көрінеді. Мәселен, 5-ке толған шағында кішкентай қыздың қалауы басқаша еді.
Марат Омаро, әнші, композитор:
-Бибімәриям тұрып өзі әкетай, анашым мен дәрігер боламын болашақта, мен сіздерді емдеймін деді.
Бірақ, Бибімәриям алғашқы ойынан айнып қалған көрінеді. Бүгінде сазгердің қызы басқа саланың өкілі болуды армандайды.
Бибімәриям Омарова, М. Омаровтың қызы:
-Өзімнің сондай архитектор болу деген арманым бар... Архитектор шеберлігі маған өте ұнайды және... Мен көп шет елге барамын. Сол жақта маған өте әдемі, сондай ғимараттар ұнайды.
Бірақ, жұлдызды жанұя кенже қыздарының танымал болғанын қалайды. Алайда, жас өреннің әпкесі Зарина Омарова, ата-анасы Бибімәриямның жүрек қалауына бағынса дейді.
Зарина Омарова, әнші:
-Мен ойлаймын, негізі баланың өзінің ойлағаны болады деп. Өйткені, қанша баланы тартқылай берсең де, бәрібір ол өзінің қалаған мамандығын таңдайды.
Айтпақшы, Бибімәриям күні кеше су жаңа клиптің тұсауын кесті! Бұл бейнебаянда қайсар мінезді қазақ қыздары суреттеледі.