Қарулы тонау жасағаны үшін абақтыда отырып, кейін сымбатының арқасында модель ретінде бағы жанған Джереми Микс, тағы да даудың ортасында. Бұрынғы әйелімен ажырасқан «тартымды қылмыскер», енді алимент төлеуден жалтарып жүрген көрінеді.
Джереми Микс құқық бұзушыдан, табысты модельге айналған соң жанұясын тастайды. Ол миллиардердің қызы Хлое Гринмен көңіл қосып, экс-әйелі балаларының қамқорлығын заңмен тек өзіне тиесілі етіп бекіткен. Алимент төлеуге міндеттелген «тартымды қылмыскер», енді айлық 6 мың табысымның, тек 418 долларын ұлыма беруге әзірмін деп жалтаруда. Бұған бұрынғы жұбайы сенбейді.
Дженнифер Лопес Guess жарнама агентігінің бет бейнесіне айналды. 48 жасында ажары таймаған актриса, жаһанға беделді компания жасаған ұсынысты қуана қабылдаған екен. Ғаламторда арнайы фотосессияның алғашқы кадрлары да пайда болды. Әншінің жанкүйерлері де бұл жаңалыққа қызу қолдау білдіруде.
Селена Гомеспен дәм-тұзы жараспаған The Weeknd, бұрынғы сүйіктісі Белла Хадидтің бағасын түсініп, қайтаруға ниетті. Топ-модель болса құрбыларымен Майямиде демалыста жүр. Рэпер оның көңілін аулап, Victoria's Secret шоуында ғашығын қолдағанымен еш нәтиже шықпады. Басы бос ару Белла, папарацциден жасқанбай, емін-еркін серуендеуін жалғастыруда.