Қанат Ислам көптен күткен чемпиондық атағына қол жеткізуі мүмкін. WBA рейтингінде көш бастап тұрған кәсіпқой боксшымыз, осы тұжырымның белбеуіне таласуы ықтимал. Аталмыш тұжырым Қанат пен екінші орындағы америкалық спортшы арасында жекпе-жекті міндеттеді.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) кәсіпқой боксшымыз Қанат Исламға міндетті қарсыласты белгіледі. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз, енді жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джон Верамен жұдырықтасуы тиіс. Екі тарап жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күнде келісе алмаса, кездесуді өткізу құқығы бәссаудаға қойылады.
WBA рейтингінде Қанат Ислам бірінші орында, Джон Вера екінші сатыда тұр. Қос боксшының ұтқаны, WBA чемпиондық белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лараға міндетті қарсылас атанады. Вера барлығы 18 жекпе-жек өткізіп, 11 нокаут тіркеген. 25 кездесудің бәрін ұтқан Қанаттың, 20 нокауты бар.
Иван Дычко келесі кездесуін 1-ші желтоқсанда, АҚШ-та 32 жастағы Ламарко Эллиске қарсы өткізбек. Бір аптадан соң, отандасымыз америкалық Терранс Марбрамен жұдырықтасады. 41 жастағы бұл спортшы, аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшымыздың төртінші қарсыласы атанбақ.
Мейірім Нұрсұлтанов өз салмағында әлемнің үздік жүз боксшысының қатарында. Ол таяуда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында америкалық былғары қолғап шебері Эрик Муннан басым түскен. Бұл жеңісі орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқойды 28 позицияға көтеріп, ол BoxRec рейтингінде қазір 92-ші орында тұр.