Жуырда әнші Бүркіттің дебьюттық «Логово» картинасы жарық көрмек. Фильмде тұңғыш рет актриса ретінде бағын сынаған бьюти-блогер Айока Пош, түсірілімде біраз қиындықтарды еңсеріпті. Ал, алғашқы киносынан кейін, Айымның жеке өмірінде елеулі өзгерістер де бар екен.
Тәжірбиесінің жоқтығына қарамастан, бьюти блогерге негізгі рөлдердің бірі бұйырған. Айымның өзі, келісті келбетім Бүркітке ұнап қалғандықтан мені таңдаған болуы керек деп топшылайды.
Айым Алтынбекова, актриса, бьюти блоггер:
-Бұрыннан бері, менің инстаграмымды оқиды екен негізі. Сонымен, түр жағымнан ұнатқан-ау... Қазақстанда бір актрисаларды түсіре береді, бір актрисаларды көре береміз. Ол жаңа актерларды, жаңа актрисаларды кіргізбек боған ойы болды.
Түсірілім алаңында алғаш рет бағын сынаған жас актриса, қиындықтардың болғанын жасырмайды.
Айым Алтынбекова, актриса, бьюти блоггер:
-Енді, Бурабайды білесіздер ғой, салқын, біз купальникпен шомылған кездер болды, күн суығында. Іш киімдермен жүгірген кездер де болды.
Фильмнің түсірілімінен соң, Айока инста парақшасынан күйеуінің суреттерін мүлде өшіріп тастайды. Фолловерлері Айымның бұл әрекетін жарымен ажырасты деп топшылаған. Айымның өзі бұл жайында жақ ашуға құлықсыз.
Айым Алтынбекова, актриса, бьюти блоггер:
-Мен жеке өмірім жайлы айтқым келмейді, ол туралы қозғамай-ақ қойсақ болады.
Жеке өмірін жасырғанымен, Айым киногерлер тарапынан түрлі ұсыныстар түсіп жатқанын ашып айтты.
Айым Алтынбекова, актриса, бьюти блоггер:
-Ақан Сатаевтың «Бизнесмены», «Томирис», «Инстгарамщица» деген секілді, қазақ фильм түсіріп жатқан киноларға шақырту алдым. Кейбір жерлерде өзім отказ бердім, өйткені мына жерде главный рөл бергеннен кейін, массовкаға эпизодқа түскім келмейді.
Негізгі рөлді ұсынса, бас тартпаймын деген Айым, бұдан былай актерлік мансабына мықтап кіріспек.