KFW Астанада! Қазақтың шапаны сәнге айналуы бек мүмкін!

Сообщить о проблеме с эфиром

 Еліміздің түкпір-түкіріндегі сән қуалаған сұлулар Астанаға ағылуда. Бас қалада Kazakhstan Fashion Week өз шымылдығын түрді. Фешн саласының айтулы шарасына, сонау Италиядан дизайнерлер келген көрінеді.

Апталықтың алғашқы күні, жеті дизайнер өз топтамасын көрерменнің есінде қалардай деңгейде паш етті. Мәселен, италиялық «Минавара» сән үйі, сахнада кішігірім қойылым көрсетуді жөн санапты.

Оның жерлесі Сальвадоре Виола халық алдына ұлттық нақышымыздағы шапан киіп шығып, жұрттың назарын аудармақ болды. Енді, қазақы шапанға деген сәнқойлардың сұранысы күрт өссе, қуана беріңіз.