Онсыз да әдемімін! Әнші Аша Матай бет бояуынан бас тартпақшы ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Концерт, фотосессия немесе түсірілім алаңы. Әнші, актрисалар  әрдайым гримның көмегіне жүгінуге мәжбүр. Дегенмен, ел алдына еш бояусыз шығуға қымсынбайтындары да бар көрінеді. Солардың бірі Аша Матай. Косметикасыз жүруінің себебі де бар екен.

Аша Матай, әнші:

-Сенбі, жексенбі күні мені көріп қалсаңыздар, мүлдем макияжсыз жүрем шыны керек. Қорықпаймын, қорқатын ешнәрсе жоқ. Ең бастысы, Алла тағаланың берген түр келбеті. Екіншіден күйеуім бар ғой, сондықтан қорқатын ешнәрсесі жоқ. 

Бастысы тұрмысқа шықтым, енді сырт келбетіме алаңдамаймын деген Аша Матайдың ұстанымын Кентал да қолдайды. Әншінің сөзінен, сұлулық саласынан біраз хабары барын аңғарасыз.

Кентал, әнші:

-Қыздар боянғанда бір-біріне ұқсап кетеді. Себебі мэйкаптар, мэйкапшиктер бір адам ғой, бәрін жасайтын көпшілікке.

Алайда, «Асылдық» Ақерке арнайы бет әрлеуші маманның көмегіне жиі жүгіне бермейді.

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Кей кезде осындай жиындарға әрине өзім боянамын. Қыздар әзілдеп айтып қояды, біздің арамызда тез боянатын Ақерке деп. Менің боянуыма 15 минут уақыт жетеді.

Аян Бірбаевтың нәзік жандыларға өз айтары бар. «Ринголық» серінің көңілінен шықпай жүргені арулардың «қасы» екен.

Аян Бірбаев, «Ringo» тобының әншісі:

-Маған ұнамайтыны осы қыздардың қастарын қатты тутажы қылуы. Қазір соңғы кездері дамыған татуаж жасайды, бірақ онша білінбейді, оған ризамын ол ұнайды. Ал ескі татуажды есіңізге салсаңыз, кәдімгідей басқа ұлт өкілі сияқты болып қалады да. Сондықтан, маған өтте қатты ұнамайтын.

Әншінің сөздері біраз аруға ой салар. Сұлулық әлемді құтқарады. Ол ақиқат. Алайда, қаракөздеріміз әдемі боламын деп, шектен шықпағаны абзал дейді өнердегі жігіттер.