Гүлназ Жоланова жеке өміріндегі қуанышты хабарды жеткізді! «Қазақ аруы» қалыңдық атануға қамданып жүр ме?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда Баян Есентаева қыз ұзатып, «құдағи» атанса, таң қалмаңыз! Өйткені, «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова, жеке өміріндегі жағымды жаңалығын жеткізді. Актрисаның таңдаған серісі кім? Тойдың уақыты қашан? Дәл осындай сансыз сауалдардың жауабын сұлудың өзінен сұрап көрдік.

 

Отандық шоу-бизнестегі ең танымал әрі басы бос сылқымға бұл сұрақтар да жиі жолданады. Бүгінде Гүлназ сезімін селт еткізген серіні жолықтырғанымен, әзірге есімін жариялауға асығыстық танытып отырған жоқ.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Дәл қазір, осыдан бір жыл өткен соң немесе 5-6 айдан кейін тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Көре жатармыз. 2-3 жыл...Нақты тұрмысқа шыққан уақытта, кім екенін, қалай таныстым, не болғанын барлығын өзім айтамын.

Гүлназ алғашқыда «Қазақ аруы-2014» байқауында үздік атанып, Баян Мақсатқызының көзіне түскен болатын. Азулы продюсер, қарапайым қыздың кино әлемінде де жұлдызын жақты. Есесіне, ол әр сәт сайын экс-Есентаеваға есеп беріп отырады екен.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Продюсермен бірге талқылаймыз. Қандай фильм? Қандай кейіпкер? Ол өзінің кеңесін айтады. Бұл кейіпкер саған жарасады, жараспайды. Немесе бұлай болғаны дұрыс. Мына фильмге түскенің немесе түсепегенің дұрыс деп айтатын кеңестері бар.

Ақылдасып, кеңесуінің себебі де бар. Баян Мақсатқызы мен Гүлнәз Жоланова арасында 5 жылдық келісімшартқа қол қойылған.