Кендалл Дженнер ең табысты модель деп танылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьянның сіңлісі қаржы табудың қамымен жүр. Кендалл Дженнер әйгілі «Форбс» басылымының пайымымен, ең табысты модель деп танылды. Сылқым, бір жылда 22 миллион доллар еншілеген.

Табыстылар тізімінде алғашқы орынды босатқан Жизель Бюндхен, бұл жолы 17 миллион доллар жинап үлгеріпті. Еске салар болсақ, бразилиялық сұлу 15 жыл бойы дәулетті модельдер арасында көш бастап келген.

Үшінші орын, Крисси Тейгенге бұйырған. Форбс тізіміне алғаш енген ару, қаржы қоржынын 13 миллион долларға толтырған. Сондай-ақ, сән әлемінің ең ауқатты сұлуларының ішінде Джиджи мен Белла Хадид бар.