Күн өткен сайын «Алашұлы» жігіттерінің жүрек қағысы үдей түсуде. Өйткені, өнерпаздар ел алдында есеп бермек. Алғашқыда ауқымды шоудың жоспары құрылғанымен, ойдағы іс жүзеге аспаған. Себебі, Димаш Құдайберген этно-ұжымның концертіне қатысудан бас тартыпты.
Алашұлы ұжымында мерейтой! Студент жастардан жасақталған бұл этно-топтың іргетасы, осыдан 5 жыл бұрын қаланған болатын! Бүгінде жігіттер қызу дайындықта. Есеп беру кешін бірінші орынға қойған үштік мүшелері, тіпті қосалқы кәсіптерінен де бас тартқандарын айтады.
«Алашұлы» тобы:
-Театр бар, академияда сабақ береміз. Олар да кедергісін тигізеді. Сол кедергісін тигізгеннен кейін, биыл мен де, Мақсат та сол белгілі бір себептермен, жұмыстан шығуға тура келді. Себебі, барлық күшті осы топқа жұмсайық деп отырмыз. Алдымызда үлкен 5 жылдық есеп беру концерті. Оған үлкен дайындық керек.
Өнерлі үштіктің «Бізбен бірге» атты ауқымды шоуында, бірнеше этно-жобалар сахнаға шықпақ. «Алашұлы» жігіттері өз мерейтойында «Ұлытау» тобы, «Тұран» ұжымы және «Ұы дала баласы» Төреғали Төреәлімен дуэт орындайды.
«Алашұлы» тобы:
-Олардың музыкасы мен біздің музыка тіл табыса алатын адамдармыз. Олардың музыкасы мен біздің музыка бір арнада тоғыса алатын, шығармашылық тұлғалар. Сол себепті де, ары-бері ойланып осыған тоқтаған жайымыз бар.
Бастапқыда, «Алашұлымен» ән шырқайтын құрметті қонақтар тізімінде Димаш Құдайбергенде бар еді. Алайда, әлем таныған қазақ баласы бұл кешке қатысудан бас тартқан.
«Алашұлы» тобы:
-Өкінішке орай Димаш Америкада гастрольде, ол келе алмайтын болып, осы бір «Мен қазақпын» деген ән сценарийден шығып қалды. Бірақ, негізінде біздің Димашқа деген құрметіміз ерекше, және де Димаштың «Алашұлына» деген құрметі ерекше.
«Алашұлы» тобының көптен күткен алғашқы концерті, қараша айының 16-сы күні Алматыда өтеді.