Кино әлемінің жұлдызы Эван МакГрегор, жаңа ғашығымен бақытты сәттерді бастан кешіруде. Алайда, актер заңды жұбайымен ажырасуға асығар емес. Әлде, өнерпаз сүйіктісін екінші әйел қылайын деген бе?
Эван Макгегор 22 жыл отауласқан жұбайымен іргесін сөкпек болған. Себеп – өнерпаздың түсірілім алаңында жүрек табыстырған жаңа ғашығы. Алайда актер, ажырасу ісін себепсіз кейінге қалдырып жүр. Әзірше, екі кеменің басын ұстаған сері, жас сүйіктісімен серуендеу сәтінде папарацци құрығына ілікті.
Британдық әнші Сэм Смит, Maroon 5 пен Blake Shelton-ды шаң қаптырды! Өнерпаздың «The Thrill of It All» күйтабағы, табысы жөнінен Билборт чартының көшін бастады. Сондай-ақ, арнайы рейтинг, әншінің АҚШ-тағы жалынды жанкүйерлерінің қарасы көп екенін көрсеткен.
Сара Джессика Паркер бикеш болса, бос уақытын бүлдіршіндеріне арнауды жөн көріпті. Шығармашылықтан қолы босаған актриса, екі егізін ертіп серуенге шықты. Әдетте бүлдіршіндерін өзгелерге мүлде көрсетпейтін ол, қыздарының суретін көпшіліктің назарына ұсынды.