Кью-поп өкілдері енді тойда табысқа кенелмек! Қалыптасқан қағиданы бұзған кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұдан былай «Найнти уан», «Блэк дайлдың» бағытында ән салатын ұжымдар, тойдың көркін қыздарса, таң қалмаңыз! Иә, иә бүгінде қазақ поп музыкасын дәріптеуші топтардың, енді жоспарлары осылай өзгеруде. Кью-поп өкілдері арасында қалыптасқан бұл қағиданы кім бұзды?

Иә, той тақырыбын тілге тиек етіп, табысқа кенелуді көздеген дәл осы Назгүл Қарабалина. Продюсер жақында ғана, кью-поп бағытында ән салатын қос бірдей қыздар тобының тұсауын кескен болатын.

Назгүл Қарабалина, актриса, продюсер:

-Қазақтың негізі ғой той деген. Тойға шақырса қуана-қуана барамыз. Әрине, біз тойға арнап әндері жазамыз. Енді мен қазір «Неет, мы на свадьба не хожу», - десем өтірік әңгіме болады. Барамыз той болсын, әншілер барсын, әнін айтсын, неге айтпасқа?

Корейлік поп музыканың қазақша баламасына айналған «Мадмэн» бестігі болса, қаржы жасаудың басқа қайнар көзін тапқандарын айтады.

«MadMan» тобы:

-Біздің өзіміздің жоспарлар бар. Қалай ақша табу туралы, қалай қаржы табу туралы. Бірақ, біз той бизнесі арқылы ақша таппаймыз. Альбом сатумен, фан-сайнг, фан-митингтен ақшалар түседі. 

Назгүл Қарабалина, актриса, продюсер:

-Ақша тапқым келмейді, маған ақшаның қажеті жоқ деп айтқан адамдар, мен ойлаймын өтірік айтатындар деп. Ақша керек... Бәріміз ақша табу үшін жүрміз.

Назгүл ханымның бұл үндеуі «Ньютондық» жігіттерге майдай жақса керекті.  Кезінде «кью-поп әншілері тойға шықпайды» деген өнерпаздар, бұл ойларынан айни бастағандай...  

«Newton» тобы:

-Қазақпыз ғой бәріміз, той деген мейрам бір жағынан. Американың өзінде қаншама атақты әртістердің өздері де, Америкада тойларда ән салады. Ол олар үшін жақсы!