Роза Рымбаева 60 жас мерейтойын туған ауылының сахнасында атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Пафосты, даңғаза-думанды жаны сүймейтін Роза Рымбаева, 60 жас мерейтойын ың-шыңсыз өткізді. Халық әртісінің бұлжымас қағидасына сай, туған күні бұл жолы да сахнада аталды. Бірақ, дәстүрлі түрдегі елдің ең үлкен сарайларында емес, ауылдың мәдениет үйінде көрерменімен қауышты!

Бұл концерт туған өлкесіне тағзым іспетті. Шығармашылық кешін  Шығыс Қазақстанға қарасты Жалғызтөбе ауылында өтті. Жерлестеріне классикалық туындыларын тарту еткен Роза Қуанышқызы енді, қарашада Алматылық тыңдарманымен кезесуді көздеп отыр.