Рианна - Мысыр патшайымы атанды. Нефертити мен әншінің арасында қандай байланыс бар?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Рианна да, көпшілікке ерекше образ арқылы танылуға ниетті. Сылқым, Vogue Arabia басылымының ұсынысы бойынша, ежелгі Мысыр патшайымы Нефертити кейпіне еніп көрді. Жаңа бейне оқырмандардың ғана емес,  өнерпаздың да жанына жаққандай.

«Әртүрлі дәуірде өмір сүрген сылқымдардың сұлулығы бір суретте тоғысты». Кезекті санын дәл осылай жарнамалаған Vogue Arabia журналы, Рианнаны екі бірдей шығарылымының бетпейнесі етіп таңдаған. Мысыр Патшайымы кейпіне енген Рианна болса, Нефертитидің образы жанына жақын келгенін жасырмады. Себебі, денесінде 20 астам сурет салдырған ол, біреуін осы Нефертити-ге арнаған...

Селена Гомес пен Джастин Бибер расымен қайта көңіл жарастырды ма?! Бір апта бұрын көпшілік алдында бірге төбе көрсеткен қос жұлдызды, қырағы көздер тағы да байқап қалыпты. 

Бұл жолы Селена мен Джастин Лос-Анджелестегі шіркеудің бірінде жұптасып жүрді. Мұндай сәтті қалт жібермейтін зерделі жанкүйерлерінің бірі, екеуін де өз камерасына  таспалап үлгерген...

Әпкелі-сіңлілі Ким мен Кортни Кардашьян болса «Хэллоуин» мерекесіне қызу дайындық үстіне. Қос сылқым, әлеуметтік желіде айтулы күнге арнайы таңдап алған образдарымен бөлісті.

Ким Мадонна кейпіне енсе, Кортни әнші Майкл Джесксонды таңдаған.. Мерекеге сай келмесе де, желі қолданушылары сылқымдардың киімдеріне оң пікір білдіруде.