Әуел баста еріккеннің ермегіндей көрінген «вайн түсіру» - бүгінде үлкен өнерге айналған. Тіпті, осы саланың серкелері Шәріп Серік пен Нұрлан Батыров арнайы шеберлік сабағын өткізіп жүр. Қос вайнердің жастарға өз айтары да бар көрінеді. Толығырақ тілшіліміз тарқатсын...
Қара смокинг, ақ көйлек, әсем галстук.. Халыққа көтеріңкі көңіл сыйлап жүрген вайнер образының енді ізі де қалмағандай. Бүгінде актер атанған Шәріп Серік, студенттермен жүздесуге ерекше дайындықпен келіпті.
Шәріп Серік, актер:
-Керемет кездесу болды. Осындай форматтағы кездесуге бірінші рет келіп тұрмын. Қызық екен шынымен де. Көптеген қызықты сұрақтар болды, күшіміз келгенше барынша жауап бердік.
Шәріптің досы Нұрлан Батыров болса, студенттер қауымынан түскен сан түрлі ұсыныстарға жауап таппай дал болды. Тіпті, тәлімгерлер арасынан «ортақ бизнес ашайық» деушілер де табылды.
Бұл шеберлік-сабағының қос кейіпкері қоғамда «вайнерліктің» жеке мамандыққа айналып бара жатқанын жасырмады. Сондықтан болар, жастар арасында видео арқылы танылуды көздейтіндердің қарасы көп..
-Вайн арқылы танымал болу, және ол арқылы ақша табу. Ол менің мақсатып деп те айтса болады.
-Бір-екі вайнда менің қатысуым болған. Өзімнің достарым түсірген. Өте қызық, өте жақсы жұмыс, шаршамайсың.
Шәріп Серік шығармашылыққа құмар іні-қарындастарына, шабытқа ерік бере білудің маңызын шегелеп айтты.
Шәріп Серік, актер:
-Креатив әр жерде керек қой. Қандай да бір жұмыс болмаса да. Әр жұмысқа креативті ой керек деген сияқты. Ия креатив керек.
Кезінде төрт жылдай костюм суретшісі қызметін атқарған Нұрлан Батыров болса, жалынды жастарды әркез тәуекелшіл болуға шақырды.
Нұрлан Батыров, вайнер, актер, режиссер:
-Бақтарыңды сынап көріңдер! Ештеңеден қорықпаңдар, тек қана алға! Барлығы ойдағыдай болды!