Киносүйерқауымға әйгілі кинокартиналар арқылы етене таныс, батыр кейіпкерлер бір шаңырақ астында бас қосты. Лондонда, кітап, видео ойын, телехикая және кино саласының жаңалықтарын бір жерге тоғыстыратын «Комикон» фестивалі шымылдығын түрді.
Атаулы шара аясында мыңнан астам жанкүйер өзінің сүйікті кейіпкерлерінің образына енді. «Бэтмен», «Супермен», «Железный человек», тіпті арасында «Джокер» де бар...
«КомикКон» жанкүйері:
- Хит Леджердың құрметіне Джокер кейпіне ендім. Бұл фестиваль арқылы өзімнің Харли Квинімді тапқым келеді.
Дәстүрлі фестиваль бұл жолы да Марвелмен бірлесе, қонақтарды қарсы алмақ. Компания, шарада меймандар назарына соңғы жаңалықтарын паш етпек. Одан өзге, алдағы уақытта «Комикконға», «Мситители», «Игра престолов» каринасының жұлдыздары келеді деп күтілуде.