Айқын Төлепберген жеңіске жету үшін әлеуметтік желідегі оқырмандарына сенім артса, «Ринголық» Аянның дәл осы инстада басы дауға қалды. Түрік тілінде пост жазған әнші жігітке фоллоуверлері қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Оқиғаның мән-жайын Бірбаевтың өзінен білген едік.
Аян Бірбаев жазбаларын қазақ, орыс және түрік тілінде жариялайды. Алайда, «Ринголық» әншінің бұл қадамына кереғар пікір білдіретін қандастарымыздың қарасы мол көрінеді.
Аян Бірбаев, «Rin'Go» тобының әншісі:
-Ойй, не? Орысша неге жазасың, түрікше неге жазасың, сол саған керек пе? Қазақ емессің бе деген сияқты. Мен ондай адамдарды түсінбеймін. Ойбай, бұл енді сонша тіл біледі соны мақтану мақсатында жазады-ау деген сияқты.
Оның өзіндік себебі де бар. Аян оқушы кезде 5 жыл бойы қазақ-түрік лицейінде білім алған. Ал, инста парақшасында бірнеше тілде жазба жариялау идеясы, «Рингоның» шет елдік фанаттарының өтінішінен туындаған екен.
Аян Бірбаев, «Rin'Go» тобының әншісі:
-Қазақша-орысша жүргізе бастадым. Одан кейін түрік достарымыз, түрік бауырларымыз жаза бастады. Біз сіздің өнеріңізді ұнатамыз. Сіздің парақшаңыздың оқырмандары едік. Бізде түсінейін деп едік. Сіз не жазып, не туралы, жаңағы хабарларыңызды білсек деген сияқты.
Сонымен қатар, «Блэк дайлдық» жігіттерде үш тілде пост жазуға дағдыланып жүр. Тіпті, арнайы ағылшын курсына барып, шет елдік мамандардан да білім алуда. Ал, мақсаты кью-поп мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттау.
«Black Dial» тобы:
-Біздің де тыңдармандарымыз басқа, өзге елдерден де бар. Өзіміздің жеткізген ойымызды олар қалайша түсінбек? Яғни, біз оларға аудармасын, баламасын жазып, түсіндіреміз. Ол жағы да бар. Және де ағылшын тілі әлемдік тіл болғаннан кейін, көптеген адамдарды сол тілді үйренуге шақырамыз.