Қалың көпшілік латын әліпбиіне көшу мәселесін қызу талқылап жатса, Гүлзира Айдарбекова өз ақиқатын дәделдеп әлек. Продюсер ханым, келіні Жұлдыз Абдукаримованың эксклюзивті сұхбатын ешқандай ақшаға саудаламаймын деді. Өзге өнер жұлдыздары мұндай ұсынысқа қалай қарайды?
Жеңісхан Момышев, режиссер, клипмейкер:
-Сіздер де, сіздің артыңызда тұрған камера адамы біз сияқты адамдар, творчестволық адамдар. Сондықтан, оған ақша сұрап ондай істейтін бизнес емес. Сондықтан, дұрыс емес деп есептеймін. Мен өзім мүлде ақша сұрамаймын.
Жеңісханмен бірге кино саласының қазанында қайнап жүрген Гүлназ Жоланова, эксклюзивті сұхбатының бағасын төбеден алып қоя салмаймын дейді. Актриса, мұндайда нарыққа қарап бой түземек.
Гүлназ Жоланова, актриса:
-Егер ондай мүмкіндік болып жатса, нарықтағы бағаға қарап болжамды жауап айтармын. Енді екі мың, үш мыңның көлемінде мүмкін.
Ал, мистерионстық Арман Қоңырбаев сұхбатты саудалау үшін, ең алдымен өнерде мықты болуымыз керек дейді.
Арман Қоңырбаев, әнші:
-Ол жағын енді ойлап көрмедім. Әрине мен өзімді биік бағалаймын. Егер де, ондай болып жатса қымбаттың қатарында болатын шығармыз. Енді ол дәрежеге өнер де өсу керек, бәрі өсу керек.
Алайда, Арманның сүйіктісі Аша кереғар пікірде. Сылқым ерек жолмен ақша табуға мүлде қарсы емес. Тіпті, сұхбатының бағасын да белгілеп қойған..
Аша Матай, әнші, тележүргізуші:
-Енді егер де, сататын болсақ, мың доллардан кем түспес...
Ендеше, ауыз толтырып айтарлықтай экскюзивті жаңалықтарыңыз көп болсын!