Саммит өткізу біздің үйреншікті жұмыс қой... Ал, тоғыз жылдан кейін Алматы шаһарында қысқы олимпиада ойындарын көргіңіз келеді ме?! Оңтүстік астанамыз 2026 жылғы жаһандық ақ аламанды өткізуге үміткер атанды. Жалпы, бір олимпиада ұйымдастырудың қаржысы қанша!? Серік Ноянбайұлы шолу жасап көрді.
2011 жылы Азияда, 2017 жылы Универсиада ойындары өткен Алматы шаһарының инфраструктурасы, спорттық нысандары әжептәуір жақсарғаны рас. $500 млн. жұмсалған жастардың бұл қысқы ақ аламаны, Қазақстан жарнамасын жаһанға паш ете алды деп сенеміз. Енді оңтүстік астанамыз 2026 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге үміткер қалалар қатарында.
2026 жылғы олимпиада астанасы атануға канадалық КАлгари, жапониялық Саппоро, түркиялық Эрзурум секілді шаһарлар ұсыныс жолдаған. Нақты нәтиже 2019 жылдың жазында белгілі болады. Бұл жолы, Халықаралық олимпиалда комитеті, әлемдік қысқы спорттық сайыстарды қабылдаушы қалаға 1 млрд доллар көлемінде қаржы бөлмек.
Алматы 2026 жылғы олимпиаданы өткізуге 80 пайыз даяр деген пікірлер айтылуда. Bloomberg деректеріне сүйенсек, 2014 жылы Сочи олимпиадасына Ресей 48 млрд, канадалық билік Ванкувер-2010 ойындарына 7 млрд, италияндықтар 200 жылғы Туриндегі ақ аламанға 4,5 млр доллар қаржы жаратыпты. Алатау баурайында олимпиада алауы тұтанса - имиджіміздің игілігі үшін пайдалы, бірақ ел тарихындағы құны қымбаттау жоба болмақ.